Танымал қазақстандық файтер жапониялық Рэн Хирамотодан жеңіліп қалды

Танымал қазақстандық файтер жапониялық Рэн Хирамотодан жеңіліп қалды
Жекпе-жек

sports.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, танымал нокаутшы Қаршыға Дәуітбек (19-3) Осака қаласында өткен Super RIZIN 5 халықаралық турнирінде жапониялық қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз бұл жолы жергілікті халықтың сүйіктісі, медиа кеңістікте үлкен танымалдылыққа ие Рэн Хирамотомен (4-3) күш сынасқан болатын. Жекпе-жек жоспарланған барлық үш раунд бойы жалғасты.

Қаршыға Дәуітбек қарсыласына ауыр соққылар бағыттап, белсенділік танытқанымен, Рэн Хирамото өз үйіндегі кездесуде соққылардан жақсы қорғанып, қарымта шабуылдар ұйымдастыра білді. Нәтижесінде, төрешілер жапониялық спортшыны жеңіске лайық деп тапты.