Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
Жекпе-жек

ҰОК

Қазақстан дзюдо федерациясы Бакуде (Әзербайжан) өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Дүбірлі додада ел намысын 15 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:

60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов

66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов

73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин

81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар

90 келіге дейін: Данил Крылов

Әйелдер:

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

78 келіге дейін: Аруна Жангельдина

78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш

Отандастарымыз жекелей және аралас командалық сайыста сынға түседі. Айта кетейік, әлем біріншілігі 4-11 қазан аралығында өтеді.