Хорватиядағы Гран-при кезеңінде қазақстандық дзюдошылардан кімдер сынға түседі

Хорватиядағы Гран-при кезеңінде қазақстандық дзюдошылардан кімдер сынға түседі
Жекпе-жек

olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Загребте (Хорватия) өтетін Гран-при кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Аталған байрақты бәсекеде ел намысын 19 дзюдошы қорғайды. Ерлер 60 келі: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан 66 келі: Нұрқанат Серікбаев, Бақытжан Абдурахманов 73 келі: Данияр Шамшаев 90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы Әйелдер 48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева 52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова 57 келі: Дана Әбдірова 63 келі: Эсмигүл Куюлова 70 келі: Ажар Асхат 78 келі: Екатерина Токарева 78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Гран-при кезеңі 13-15 қараша аралығында өтеді.