Титулдық айқас алдындағы текетірес: Жәнібек Әлімханұлы Ширазға сес көрсетті

Титулдық айқас алдындағы текетірес: Жәнібек Әлімханұлы Ширазға сес көрсетті
Бокс

The Ring

Қазақстандық кәсіпқой бокс шебері Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында ұлыбританиялық чемпион Хамза Шираз туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық боксшы WBO тұжырымы бойынша әлемдік тәж үшін өтетін жекпе-жекке қатысты қарсыласының шешім қабылдауына небәрі екі күн уақыт қалғанын айтты. Егер Шираз рингке шығудан бас тартса, чемпиондық белбеуін өз еркімен беруі тиіс.

– Оған екі күн уақыт берілді. Ол не істейтінін күтейік. Шықса шығады, шықпаса белбеуді босатады, - деп жазды Әлімханұлы Instagram-дағы Story парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйекте екінші орта салмақтағы WBO титулы үшін қос боксшы арасындағы кездесудің промоутерлік саудасы өткен болатын. Саудада британиялықтың намысын қорғайтын Queensberry Promotions компаниясы 1 001 809 доллар тігіп, жеңіске жетті. Ұйымның ережесі бойынша бұл соманың 75 пайызы ($751 357) чемпион Ширазға берілсе, 25 пайызы ($250 452) Әлімханұлына бұйырады. Алайда, британдық боксшы бұған дейін гонорар көлемі аз болса, белбеуді тастап кетуге дайын екенін бірнеше рет меңзеген еді.