Азия ойындары: Оразбек Асылқұлов Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді

Азия ойындары: Оразбек Асылқұлов Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді
Бокс

Нұрғаали Жұмағазы

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз Оразбек Асылқұлов турнирдің 1/8 финалында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Шешуші кездесуде ол Оңтүстік Корея боксшысы Чан Донхванмен шеберлік байқасқан болатын. Тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен жеңісті оңтүстіккореялық спортшыға берді. Осылайша, Чан Донхван ширек финалға жолдама алса, Асылқұлов үшін Азиада аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (54 келіге дейін) және Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) жарыстан шығып қалған еді.