Виктория Графеева Азия ойындарындағы алғашқы айқасында жеңілді

Виктория Графеева Азия ойындарындағы алғашқы айқасында жеңілді
Бокс

ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Виктория Графеева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында 1/8 финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

60 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Қытайлық Тайбэй өкілі Линь Юйтинмен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіс Графееваның қарсыласына берілді – 3:2. Осылайша, Виктория Азия ойындарындағы өнерін аяқтады. Айта кетейік, Линь Юйтин 57 келіге дейінгі салмақта Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы атанған.