Александр Бублик Шанхайдағы топ-турнирдегі алғашқы қарсыласын білді
Теннис
Emmanuel Wong/Getty Images
Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирін бірден екінші айналымнан бастайды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қытайда өтетін беделді ATP 1 000 додасының жеребесі тартылып, Қазақстанның бірінші ракеткасының алғашқы қарсыластары анықталды.
Жеребе қорытындысы бойынша, Бубликтің алғашқы қарсыласы Чжан Чжичжэнь (Қытай, 166-орын) - Томаш Махач (Чехия, 75-орын) жұбының жеңімпазы болмақ. Егер қазақстандық спортшы бұл қарсыласынан өтсе, үшінші айналымда америкалық Брэндон Накашимамен, ал 1/8 финалда әлемнің екінші ракеткасы Александр Зверевпен кездесуі мүмкін.
Айта кетейік, 7-18 қазан аралығында өтетін Шанхай турнирінің жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды.