Рыбакинаның екінші айналымдағы қарсыласы белгілі болды
Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Австралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Әлемдік рейтингте 21-орында тұрған отандасымыз екінші кезеңде жаһанның 69-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен кездеседі. Матч ертең, 4 қаңтар күні Астана уақытымен 11:00-де басталады.
Еске салайық, Елена Рыбакина турнирдің бірінші айналымында америкалық Дэниэль Коллинзді 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңген болатын.