“Ақтөбе” Түркияда сынға түсетін қарсыластарын жариялады

Футбол
“Ақтөбе” футбол клубы Түркиядағы маусымға дайындық барысында өткізетін жолдастық кездесулердегі қарсыластары кім болатынын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Андрей Карпович шәкірттері қысқы алғашқы оқу-жаттығу жиындары аясында екі жолдастық кездесу өткізеді.
22 қаңтар күні “Ақтөбе” сербиялық “Спартакпен” (Суботица), ал 26 қаңтар күні македониялық “Академия Пандева” ұжымымен сынға түседі.