Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-тағы турнирде үздік бестікке енді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-тағы турнирде үздік бестікке енді
Қысқы спорт

ҰОК

АҚШ-тың Эверетт қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының кезекті кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина екі бағдарлама қорытындысы бойынша 5-орынға ие болды.

Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз 61,03 ұпай жинап, 11-орынға жайғасқан еді. Еркін бағдарламада Софья 137,56 ұпай еншілеп, төртінші орын алды. Осылайша, қос бағдарлама қорытындысында 198,59 ұпай жинаған қазақстандық спортшы бірден алты сатыға көтеріліп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

236,81 ұпай жинаған жапониялық Ами Накаи жеңімпаз атанды. Екінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Александра Игнатова (213,90) иеленді. Ал үздік үштікті тағы бір жапониялық Рино Мацуике (211,63) түйіндеді.