Қазақстан шахматтың астанасына айналды - ФИДЕ президенті

Қазақстан шахматтың астанасына айналды - ФИДЕ президенті
Басқа

РИА Новости

Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович Қазақстандағы шахматтың дамуы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Сәуірде Қазақстанда Ян Непомнящий пен Дин Лижэнь арасында әлем чемпионы атағы үшін талас өтті. Менің ойымша, Қазақстан шахматтың астанасына айналып үлгерді. Онда жылдам шахматтан әлем чемпионаты, шахмат тәжі үшін талас өтті. Жақында мектеп командалары арасындағы әлем біріншілігі өтеді”, - деді Аркадий Дворкович “Влобушкинъ” YouTube арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, сәуір айында Астанада өткен шахмат тәжі үшін таласта қытайлық Дин Лижэнь жеңіске жеткен болатын.