Қазақстан премьер-лигасынан букмекерлік кеңсе жарнамасы алынады

Қазақстан премьер-лигасынан букмекерлік кеңсе жарнамасы алынады
Футбол

Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Мәжіліс депутаттары алдында жаңа заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Осы орайда депутат Елнұр Бейсенбаев Қазақстан Қазақстан премьер-лигасының букмекерлік кеңсе атауын алуы ақылға қонбайтын дүние екенін алға тартты.

Премьер-лигаға букмекерлік кеңсе атауы берілген. Ақылға қонбайды ғой! Ешбір елде мұндай жоқ! – деді мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев.

Вице-министрі Қазақстан премьер-лигасының Olimpbet деп букмекерлік кеңсенің атауын алуының өзі дұрыс еместігін және алдағы уақытта бұл мәселе жеке қаралатынын айтып сендірді.