Қазақстандық жас теннисшілер 2025 жылды Аустралияда бастайды
Теннис
KTF
Жасөспірімдер арасында 18-25 қаңтар аралығында өтетін Аустралия ашық чемпионатында кімдердің бақ сынайтыны белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып.
Біздің елімізден аталмыш жарыстың негізгі бөлігіне жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 16-орында тұрған Амир Омарханов пен 73-сатыдағы Заңғар Нұрланұлы қатысады.
Бұл Заңғар Нұрланұлы үшін алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі болмақ.
Ал Амир өткен жылы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына дейін жетіп, ерекше серпіліс туғызған еді.