«Ақтөбе» Самуэль Калумен келісімшарт жасамайды

Футбол
Нигериялық жартылай қорғаушы Самуэль Калу «Ақтөбе» клубымен келісімшартқа отырмайды, деп хабарлайды BasSport.kz, Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін клуб футболшымен келісім жасамақ болған. Алайда медициналық штабтың мұқият тексерісінен кейін ойыншының денсаулығына байланысты мәселелер анықталды.
Мамандардың кәсібилігінің арқасында «Ақтөбе» жедел шешім қабылдап, келісімшарттан бас тартты. Бұл қадам футболшының денсаулығы мен команданың спорттық мүдделерін ескеруге бағытталған.
Самуэль Калу мансабында бірнеше еуропалық клубтың намысын қорғаған. Ол «Тренчин», «Гент», «Бордо», «Уотфорд» және «Лозанна» командаларында ойнаған.