Фристайл-могулдан Әлем кубогында бақ сынайтын қазақстандық спортшылар анықталды

Басқа
ҰОК
28 ақпан – 2 наурыз аралығында Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп жазады BasSport.kz, Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы бақ сынайды. Құрамға Юлия Галышева, Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Павел Колмаков, Антон Бондарев, Фёдор Бугаков, Денис Раструба енді.
Бапкерлер штабы: Елена Круглыхина, Геннадий Намереков, Дмитрий Рейхерд, Олег Цин және Константин Горлачев.