Фуджейрадағы жарыста қазақ таеквондошылары үш медаль иеленді

Фуджейрадағы жарыста қазақ таеквондошылары үш медаль иеленді
Басқа

Нұрлан Мырзабаев. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қазіргі таңда Фуджейрада (БАӘ) таеквондодан ірі халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстан құрамасы бұл жарыста үш қола медальға иеленді. 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Бахадыр Шапулатов, 74 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Мақсат Орынбасар мен Нұрлан Мырзабаев (87 келіге дейін) үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетейік, турнирге 50 елдің спортшылары қатысып жатыр.