Қазақстандық спортшылар конкур бойынша Әлем Кубогы кезеңінде жүлделі орындарға ие болды

Қазақстандық спортшылар конкур бойынша Әлем Кубогы кезеңінде жүлделі орындарға ие болды
Басқа

ҚР Ат спорты Федерациясы

17–20 сәуір аралығында Ташкентте (Өзбекстан) конкурдан Еуразиялық Лигадағы Әлем Кубогының кезеңі өтті. Еліміздің намысын қорғаған 6 спортшының екеуі жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz ҚР Ат спорты Федерациясына сілтеме жасап.

Ксения Баталова Lady Di тұлпарымен (160 см биіктіктегі 6-шы маршрутта) күміс жүлдені иеленді. Нұрила Турысбекова Nagano B атты тұлпармен (130 см биіктіктегі 5-ші маршрутта) қола медальға ие болды.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің 43 мықты шабандоздары қатысты. Бұл Еуразиялық лиганың күнтізбесіне енгізілген және Халықаралық маусымның маңызды кезеңі болып табылады. Қазақстандық спортшылардың бұл жарыстардағы нәтижесі халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екендігін тағы да дәлелдейді.