UFC Нурмагомедовты нокдаунға жіберген қазақ жігітіне байланысты шешім қабылдады

UFC Tajikistan
Монреальда (Канада) өткен 315-нөмірлі UFC турнирінен кейін, жеңіл салмақтағы рейтингте өзгеріс орын алды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Захаби - Алдо кездесуінен кейінгі шешім
Жарқын жекпе-жектердің бірін аралас жекпе-жектің ардагерлері – канадалық Айманн Захаби (13-2) мен UFC-дің «Даңқ залына» енген бразилиялық Жозе Алдо (32-10) көрсетті. Жеңіс Айманнның еншісінде қалды, соның арқасында ол төрт сатыға көтеріліп, жеңіл салмақтағы рейтингте 11-орынға жайғасты. Бұған дейін осы орынды иеленген Алдо рейтингтен шығып қалды.
Алмахан рейтингке енбей қалды
Сонымен қатар кард аясында осы дивизионның тағы екі өкілі – қазақстандық Бекзат Алмахан (12-2) мен канадалық Брэд Катона (14-5) да жекпе-жек өткізді. Бекзат Алмахан 64 секундта нокаутпен жеңіске жеткенімен, әлемнің үздік лигасы 27 жастағы файтерді рейтингке қосуды әзірге құп көрмеді, деп хабарлайды инсайдер Джон Морган.
Еске сала кетейік, бұл қазақстандық спортшының UFC-дегі екінші жекпе-жегі болды. Ол өткен жылдың наурызында қысқа мерзім ішінде келісімге келіп, алғаш рет октагонға шыққан. Сол кезде оның қарсыласы ресейлік Умар Нурмагомедов (18-1) болған. Бекзат бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жібергенімен, жеңіс төрешілер шешімімен дағыстандық спортшыға бұйырды.
Бұған дейін қазақстандық нокаутшыны UFC рейтингінің көшбасшысымен салыстырған болатын. Сонымен қатар, Нурмагомедовты нокдаунға жіберген қазақ файтері UFC-де қанша табыс тапқаны да белгілі болды.