Мессидің ассисті "Интер Майамиге" МЛС ойынында тең ойнауға мүмкіндік берді

Мессидің ассисті
Футбол

Getty Images

Мамырдың 14-нен 15-не қараған түні Сан-Хоседе (АҚШ, Калифорния штаты) "ПэйПал Парк" стадионында МЛС тұрақты чемпионатының кезекті турында «Сан-Хосе Эртквейкс» - «Интер Майами» матчы 3:3 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

Кездесудің алғашқы минутында қонақ команданың орталық қорғаушысы Максимилиано Фалькон, сол қапталдың қорғаушысы Жорди Альбаның берген пасынан кейін, есепті ашты. Үшінші минутта Кристиан Аранго есепті теңестірсе, 38-минутта Бё Леруа алаң қожайындарын есепте алға шығарды. 44-минутта флоридалықтардың шабуылшысы Тадео Алленде есепті теңестірді. Бұл голға да көмегін тигізген Жорди Альба. Алайда, үзіліске дейін 45+4-минутта, Иэн Харкс гол соғып, «Сан-Хосеге» жеңіске жетуге мүмкіндік алып берді. 

Екінші таймда бір ғана гол соғылды — 52-минутта Алленде дубль авторы атанып, матчтың нақты есеп 3:3 болып аяқталды. Лионель Месси голдық комбинацияға өз үлесін қосты.