Қазақстан жастар арасында Азия чемпионатында қанша алтын жеңіп алды

ҚБФ
Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар және 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионатында қазақстандық былғары қолғап шеберлері сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жас боксшылар жоғары шеберлік пен жеңіске деген жігер танытып, жалпы есебі 12 жүлде иеленді. Оның 10-ы алтын, біреуі күміс, біреуі қола.
Алтын жүлдегерлер:
Нұрхан Құмарбеков (48 кг)
Досымжан Танатар (51 кг)
Алдияр Бахадүр (54 кг)
Нығман Нығмет (57 кг)
Әділет Тортyбек (60 кг)
Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 кг)
Сұлтан Тұрдәлі (67 кг)
Игорь Соловьев (80 кг)
Расул Асанханов (92 кг)
Бексұлтан Қайратұлы (+92 кг)
Күміс жүлде:
Жасұлан Бердалы (75 кг)
Қола жүлде:
Нұрсұлтан Қыстаубай (86 кг)
Айта кету керек, Игорь Соловьев, Расул Асанханов пен Бексұлтан Қайратұлы өз қарсыластарын нокаутпен ұтып, жарқын жеңіске жетті. Ал финалда есе жіберген Жасұлан Бердалы жеңілісті ауыр қабылдап, көз жасына ерік берді.