"Атлектик" Эрнесто Вальвердемен келісімшартты ұзартты

Футбол

"Атлетик" Бильбао ФК

61 жастағы испандық бапкер Эрнесто Вальверде бильбаоның «Атлетик» клубымен келісімшартын ұзартты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Жаңа келісімшарт 2026 жылдың 30 маусымына дейін күшінде болады. Осылайша, Вальверде бас бапкер ретінде клубта жалпы 10 жыл жұмыс істемек. Бұған дейін ол команданы 2003–2005 және 2013–2017 жылдар аралығында басқарған.

«Фантастикалық маусымнан кейін клуб тарихында ең көп матч өткізген бапкер (451 ойын) Чемпиондар лигасына оралатын команданы басқаратын болады», — делінген клуб хабарламасында.

«Атлетик» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Команда 37 турда 70 ұпай жинап, келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысу құқығын алдын ала қамтамасыз етті.