Қазақстан боксшылары халықаралық турнирге мықты құраммен аттанады

Қазақстан боксшылары халықаралық турнирге мықты құраммен аттанады
Бокс

ҰОК

Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 24 мамыр мен 1 маусым аралығында Бангкок қаласында (Таиланд) өтетін Thailand Open–2025 халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Байрақты бәсекеде еліміздің намысын бірқатар титулды және тәжірибелі спортшылар қорғайды. Атап айтқанда, ерлер арасында – Дулат Бекбауов, Төрехан Сабырхан мен Диас Молжігітов, ал әйелдер сапында – Виктория Графеева, Наталья Богданова және Гүлсая Ержан өнер көрсетеді.

Әйелдер құрамасы мынадай боксшылардан жасақталған:

48 кг: Гүлназ Бурибаева

51 кг: Жазира Урақбаева

54 кг: Сымбат Алияскер

57 кг: Шахназ Исаева

60 кг: Виктория Графеева

65 кг: Назерке Серік

70 кг: Наталья Богданова

75 кг: Надежда Рябец

80 кг: Гүлсая Ержан

+80 кг: Елдана Тәліпова

Ерлер құрамасы келесідей боксшылардан тұрады:

50 кг: Нұрзат Оңғаров

55 кг: Нұрсұлтан Алтынбек

60 кг: Оразбек Асылқұлов

65 кг: Дулат Бекбауов

70 кг: Төрехан Сабырхан

75 кг: Тимур Нұрсейт

80 кг: Диас Молжігітов

85 кг: Бекзат Танатар

90 кг: Данияр Рахымбердіұлы

+90 кг: Даниял Сапарбай

Thailand Open–2025 турниріне әлемнің бірнеше мықты құрамалары қатысады. Олардың қатарында Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея және Украина командалары бар.