Жәнібек Әлімханұлы «абсолют» атағы үшін өтетін жекпе-жектерін жариялады

Жәнібек Әлімханұлы «абсолют» атағы үшін өтетін жекпе-жектерін жариялады
Бокс

Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы «абсолют» атағы үшін өтетін жекпе-жектерінің жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Mo Boxing No Problem басылымының мәліметінше, «Қазақ стилінің» жоспары мынадай:

– 2025 жылдың жазында Жәнібек WBC белбеуінің иесі, доминикандық Карлос Адамеспен күш сынасып, алғашқы біріктіру жекпе-жегін өткізгісі келеді;

– Күзде немесе қыс мезгілінде WBA тұжырымының чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасып, төрт белбеудің үшеуін иемденуді көздейді;

– Ал 2026 жылдың мамырында екінші орта салмақтағы абсолют чемпион, мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Әлімханұлы бұл жоспарды растап, X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында жарияланған жазбаны қайта бөлісті.