Нагельсман Криштиану жайлы: "Жасына қарамастан, ол әлі де қарсылас қақпасы мен әуеде өте қауіпті"

Футбол
Getty Images
Юлиан Нагельсманн Криштиану Роналдудың әлі де алаңда қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. Бүгін Германия құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында Португалия құрамасымен кездеседі. Матч Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.
«Оның керемет мансабы бар, ол көп жылдан бері жалғасып келеді. Мұндай жоғары деңгейде ұзақ ойнау – ерекше нәрсе. Ол сансыз көп гол соқты және ойнаған командаларына үлкен ықпал етті.
Бүгін ол ойында сондай әсер қалдырмайды деп үміттенемін. Жасына қарамастан, ол әлі де өте қауіпті, қақпа маңында қауіп төндіреді және айып алаңында баспен жақсы ойнайды. Біз сақ болуымыз керек», – деді Германия құрамасының бас бапкері.