Түркістандық жас шахматшы республикалық турнирде топ жарды

Түркістандық жас шахматшы республикалық турнирде топ жарды
Шахмат

2025 жылғы 6–12 шілде аралығында классикалық шахматтан Қазақстан Республикасы Балалар кубогының 4-кезеңі мәресіне жетті.

Бұл – тек зияткерлік ойынды ұлықтайтын дода ғана емес, сондай-ақ жас буын өкілдерінің табандылығы мен стратегиялық ойлау қабілеті сыналатын маңызды турнир болды. Аталған жарыста Түркістан қалалық балалар және жасөспірімдер спорт клубының шахматшысы, спорт шеберлігіне кандидат Нурислам Сұлтанхан ерекше ойын өрнегімен көзге түсті. 9 тур нәтижесінде 7,5 ұпай жинаған талантты жас абсолютті жеңімпаз атанып, бірінші орынды жеңіп алды.

Бұл жеңіс – жас спортшының күнделікті жаттығуы мен ерік-жігерінің нәтижесі. Сонымен қатар, шахматтың қыр-сырын үйретіп, әр партияға ұқыпты даярлаған тәжірибелі бапкер Қуанышбек Жұмаділлаевтың еңбегі де атап өтуге тұрарлық.

Жеңімпаз Нурислам Сұлтанханды Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Сағынтайұлы Есенов арнайы құттықтап, кубок пен марапат табыстады.