«Реал» клубы рекордтық табысын жариялады

SportSport
Мадридтің «Реал» клубы 2024/2025 қаржылық жылын €24 миллион таза табыспен аяқтағанын ресми сайтында хабарлады, деп жазады Bassport.kz. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда €9 млн-ға артқан.
Клубтың трансферлерді есептемегендегі жалпы табысы €1,185 миллиардқа жетіп, бұрын-соңды бірде-бір футбол клубы бағындырмаған межені еңсерді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. EBITDA көрсеткіші де рекордтық деңгейге — €242,9 миллионға жетті.
Сонымен қатар, клубтың меншікті капиталы €598 миллионға дейін өсті. Ал қарыз коэффициенті 0-ге тең, бұл «Реалдың» қаржылық тәуелсіздігі мен төлем қабілетінің жоғарылығын білдіреді. Стадионды қайта жаңғыртуға арналған несиелерді есепке алмағанда, клубтың таза қарызы €12 миллион. Аталған қайта құру жобасына қатысты толық несие сомасы €1,132 миллиардты құрап отыр.