Боливиялық футболшылар әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде допинг қолданды

Боливиялық футболшылар әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде допинг қолданды
Футбол

Спортс

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Боливия құрамасының екі ойыншысы допингке қарсы ережелерді бұзғаны анықталды. Бұл туралы Bassport.kz Euro-football.ru және Antena 2 басылымдарына сілтеме жасап хабарлайды.

Колумбия құрамасының өкілі журналист Адриан Маньолиге екі боливиялық футболшының допинг сынамасынан оң нәтиже көрсеткенін растаған. Олардың бірі – Борис Сеспедес – жағдайды мойындады. Допинг сынамасы Боливия мен Уругвай арасындағы (0:0) матчтан кейін алынған.

Сеспедестің айтуынша, ол биіктіктегі жағдайларға бейімделу үшін дәрі қабылдаған. Айта кетейік, Боливия астанасы Ла-Пас теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте орналасқан.

ФИФА ережелеріне сәйкес, спортшыларға қосымша сараптама тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл процесс 5-6 айға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт ішінде ойыншылардың жазасы қаралып, нақты шешім қабылданады.

Қазіргі таңда Боливия құрамасы іріктеу турнирінде плей-офф кезеңінен бір ұпай артта қалып, әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін әлі де сақтап отыр. Команданың ұпайы алынбайды, өйткені ереже бұзушылар саны екі адаммен шектеліп отыр.