Снуп Догг пен Лука Модрич ”Суонси” клубының жаңа иелері атанды

Снуп Догг пен Лука Модрич ”Суонси” клубының жаңа иелері атанды
Футбол

РБК Спорт

АҚШ-тың атақты рэпері Снуп Догг Уэльстің «Суонси» клубының тең иесі атанды. Бұл туралы Bassport.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Команда қазіргі таңда Англия чемпионатында өнер көрсетеді.

Инвестиция көлемі жарияланбағанымен, рэпер клубтың жаңа үй формасын шығаруға демеушілік жасауды мойнына алған. Снуп Догг бұған дейін де еуропалық футболға қызығушылық танытып, ФИФА мен УЕФА жобаларына қатысып жүрген.

Сонымен қатар, сәуір айында Лука Модрич те «Суонсидің» тең иесі болды. «Реалдан» кетіп, «Миланға» ауысқан хорват жұлдызы да енді клуб басқаруына атсалысуда.

Алайда жұлдызды басшылыққа қарамастан, «Суонси» 2024/25 маусымының қорытындысы бойынша Премьер-лигадан шығып қалды.