Ламин Ямальдың әкесі баласын сыннан қорғап шықты

Футбол
olimpbet arena
«Барселона» шабуылшысы Ламин Ямальдың туған күн кешіне байланысты туындаған даудан кейін, футболшының әкесі Мунир Насрауи ұлына қатысты сындарға жауап берді. Бұл туралы Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Еске сала кетейік, Ямаль 18 жасқа толған туған күн кешіне көңіл көтеру мақсатында бойы аласа артисттерді шақырғаны үшін сынға ұшыраған болатын.
«Мен басқалардың пікіріне емес, өз ойыма құлақ асамын. Және менің ойымша, ұлым бәрін дұрыс істеп жүр. Адамдар өз айналасына назар аударудың орнына, өзгелерге қарап, қызғаныштан күйіп жатады. Бұл – олардың мәселесі.
Ол – жас жігіт. Адамдар оның енді ғана 18-ге толғанын түсінуі керек. Ламин өмірден ләззат алуға толық құқылы. Әрине, ол – кәсіби спортшы. Бірақ сіздер қалай ойласаңыздар да, ол да – басқа жастар секілді қарапайым бала. Оның достары бар, оған жанашыр ата-анасы бар», – деді Насрауи Mundo Deportivo-ға берген сұхбатында.