Қазақстан Еуропа кубоктарындағы алғашқы айналымнан кейін УЕФА рейтингіндегі орнын білді

Қазақстан Еуропа кубоктарындағы алғашқы айналымнан кейін УЕФА рейтингіндегі орнын білді
Футбол

Sports24.kz

Еурокубоктардың бірінші іріктеу кезеңінің жауапты матчтарынан соң Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 39-орында тұр, деп хабарлайды Bassport.kz KazFootball.kz дерегіне сүйеніп.

Коэффициент – бұл соңғы бес маусымдағы нәтижелердің қосындысы: ағымдағы маусымдағы ұпай саны қатысушы клубтар санына бөлініп, оған алдыңғы төрт маусымдағы көрсеткіштер қосылады. Егер көрсеткіш тең болса, соңғы маусымда жоғары нәтиже көрсеткен ел алға шығады.

Жауапты матчтарда:

• ЧЛ: «Қайрат» Алматыда Словенияның «Олимпиясын» 2:0 есебімен жеңді;

• ЕЛ: «Ақтөбе» өз алаңында Польшаның «Легиясына» 0:1 есебімен есе жіберді;

• КЛ: «Ордабасы» грузиялық «Торпедомен» 1:1 ойнады, бірақ қос матч қорытындысы бойынша жарыстан шығып қалды.

УЕФА коэффициенттер кестесі (үздік 10 және Қазақстан):

1. Англия — 94.839

2. Италия — 84.374

3. Испания — 78.703

4. Германия — 74.545

5. Франция — 67.748

6. Нидерланд — 59.950

7. Португалия — 53.866

8. Бельгия — 52.050

9. Түркия — 42.000

10. Чехия — 38.700

37. Финляндия — 11.125

38. Косово — 10.958

39. Қазақстан — 10.625

40. Фарер аралдары — 8.750

41. Мальта — 8.000

42. Лихтенштейн — 7.500.