Лионель Месси АҚШ-тағы болашағына қатысты ұсыныс алды

Футбол
РБК
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси “Интер Майами” клубымен келісімшартын ұзартуға жақын, деп хабарлайды Bassport.kz Marca басылымына сілтеме жасап.
Жаңа келісім 2028 жылға дейін күшінде болады. Дегенмен, 38 жастағы жұлдыз кез келген уақытта кәсіби мансабын аяқтау туралы шешімді өзі қабылдай алады.
Сонымен қатар, америкалық MLS клубы Мессиге мансабын аяқтағаннан кейін басқарушылық қызмет ұсынуға дайын. Бұл футболшының клубтағы болашағы тек алаңмен шектелмейтінін көрсетеді.
Айта кетейік, биылғы маусымда Лионель Месси “Интер Майами” сапында барлық жарыстарда 23 матч өткізіп, 19 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.