UFC BJJ лигасында Қазақстаннан алғашқы файтер өнер көрсетеді

Meta-ratings.kz
Қазақстандық файтер Азамат Бақытов UFC-дің жаңа жобасы – UFC BJJ лигасында дебют жасайтын алғашқы отандасымыз болмақ, деп хабарлайды Bassport.kz «Спорт Шредингерге» сілтеме жасап.
Азамат Бақытов – кәсіби рекорды 9-0 болатын ММА файтері, сондай-ақ Nomad Wrestling турнирінің екі дүркін чемпионы. Аталған жарыста әртүрлі күрес және жекпе-жек түрлерінің үздіктері сынға түседі.
UFC BJJ аясында Бақытов 84 келі салмақта бақ сынайды. Бұған дейін ол аралас жекпе-жекте 70 келіде өнер көрсетіп келген. Соңғы рет 2023 жылдың мамырында октагонға шыққан.
Айта кетейік, UFC BJJ — бұл UFC ұйымының бразилиялық джиу-джитсу бағыты бойынша іске қосқан жаңа лигасы. Лига 16 маусымда ашылып, қазірге дейін екі турнир өткізді. Алғашқы жарысты YouTube желісінде 1,4 миллион көрермен тамашаласа, екіншісін 359 мың адам қараған.