“Астана” Швейцарияда “Лозаннадан” жеңілді

Vesti.kz
Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында “Астана” сырт алаңда Швейцарияның “Лозанна” командасымен күш сынасты. Кездесу Лозаннадағы “Стад-де-ла-Тюильер” стадионында өтіп, оған польшалық Лукаш Кужма төрелік етті.
Ойын басынан қазақстандық клуб қорғанысқа ден қойып, қарсы шабуылға сирек шықты. 24-минутта Джейми Роч алыстан дәл соққымен есеп ашты. 43-минутта Кипрас Казуколовастың қателігін Кали Сене ұтымды пайдаланып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Екінші таймда қақпашы Мұхаммеджан Сейсен бірнеше қауіпті соққыны қайтара білді, ал Макс Эбонг бағананы көздеді. Дегенмен 72-минутта Альбан Айдини үшінші голды соқты. Матчтың соңында Иван Башич бір гол соққанымен, “Астана” жеңілістен құтыла алмады.
Жауапты кездесу 14 тамызда Астанада өтеді.
“Лозанна” — “Астана” 3:1 (2:0)
Голдар: Роч 24’ (1:0), Сене 43’ (2:0), Айдини 72’ (3:0), Башич 90’ (3:1)