“Барыс” маусымда төртінші рет “Сібірден” жеңілді

“Барыс” маусымда төртінші рет “Сібірден” жеңілді
Хоккей

“Барыс” ХК

Елордалық “Барыс” Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты маусымы аясындағы кезекті ойынын “Сібірге” қарсы өткізіп, буллиттер сериясында жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ойында алғаш болып Новосібір қаласы командасының хоккейшілері есеп ашса, айдын иелері матчтың аяқталуына санаулы минут қалғанда ғана таразы басын теңестіре алды. Жеңімпаз буллиттер сериясында анықталып, бұл сында “Сібір” мергенірек болды. Осымен “Барыс” маусымда төртінші рет “Сібірден” жеңілді. 

“Барыс” - “Сібір” - 1:2 Б (0:0, 0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 28:54 - Лещенко (Неколенко)

1:1 - 58:26 - Морелли (Томпсон, Уолш) ГБ

1:2 - 65:00 - Уилсон ШБ

Қақпашылар: Шутов - Красоткин