УЕФА Ресей клубтарына халықаралық жарыстардан шеттетілгеннен кейін миллиондаған еуро төледі

УЕФА Ресей клубтарына халықаралық жарыстардан шеттетілгеннен кейін миллиондаған еуро төледі
Футбол

3DOcean

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) халықаралық жарыстардан шеттетілген Ресей клубтарына 10,8 миллион еуродан астам қаржы бөлді, деп хабарлайды Bassport.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, бұл қаражат УЕФА-ның ынтымақтастық төлемдері бағдарламасы аясында берілген. 2022/2023 маусымында Ресей футбол одағы 3,3 млн еуро алды. 2023/2024 маусымында сома 3,38 млн еуроны құрады, ал 2024/2025 маусымында 4,22 млн еуродан асты. Бұған қоса, 2021/2022 маусымында 6,2 млн еуро төлем жасалған.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың ақпанында Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен УЕФА Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдің клубтары мен ұлттық құрамасын барлық халықаралық турнирлерден шеттету жөнінде шешім қабылдаған еді.