Қазақстан U22 Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алды

Vesti.kz
Таиландтың Бангкок қаласында өткен World Boxing ұйымының 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бірінші орынды 8 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль иеленген Өзбекстан құрамасы жеңіп алды. Қазақстан қоржынында — 5 алтын және 4 күміс медаль. Үшінші орын Қытайға бұйырды (3 алтын, 0 күміс, 3 қола).
Жалпы медаль кестесі:
1. Өзбекстан — 8 алтын, 6 күміс, 4 қола
2. Қазақстан — 5 алтын, 4 күміс, 0 қола
3. Қытай — 3 алтын, 0 күміс, 3 қола
4. Үндістан — 1 алтын, 4 күміс, 8 қола
5. Таиланд — 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
6. Жапония — 1 алтын, 0 күміс, 1 қола
7. Вьетнам — 0 алтын, 1 күміс, 3 қола
8. Моңғолия — 0 алтын, 1 күміс, 3 қола
9. Қытайлық Тайбэй — 0 алтын, 1 күміс, 2 қола
10. Иран — 0 алтын, 1 күміс, 0 қола
11. Оңтүстік Корея — 0 алтын, 0 күміс, 6 қола
12. Филиппин — 0 алтын, 0 күміс, 2 қола
13. Бутан — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
14. Гонконг — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
15. Непал — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
16. Малайзия — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола