Қазақстан тарихи Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алды

Vesti.kz
Таиландтың Бангкок қаласында өткен жастар арасындағы (U19 және U22) Азия чемпионатының жалпы медальдық есебінде Өзбекстан құрамасы бірінші орын алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Екі жас санаты бойынша өткен жарыста өзбек боксшылары 15 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль иеленді. Қазақстан құрамасы 7 алтын, 9 күміс және 6 қола жүлдемен екінші орынға тұрақтады. Үшінші сатыда — Қытай (6 алтын, 1 күміс, 8 қола).
Жалпы медаль кестесі:
1. Өзбекстан — 15 алтын, 9 күміс, 7 қола
2. Қазақстан — 7 алтын, 9 күміс, 6 қола
3. Қытай — 6 алтын, 1 күміс, 8 қола
4. Үндістан — 4 алтын, 11 күміс, 12 қола
5. Таиланд — 4 алтын, 1 күміс, 3 қола
6. Жапония — 2 алтын, 0 күміс, 3 қола
7. Иран — 1 алтын, 1 күміс, 4 қола
8. Филиппин — 0 алтын, 2 күміс, 2 қола
9. Тайвань — 0 алтын, 2 күміс, 3 қола
10. Моңғолия — 0 алтын, 1 күміс, 3 қола
11. Вьетнам — 0 алтын, 1 күміс, 6 қола
12. БАӘ — 0 алтын, 1 күміс, 0 қола
13. Оңтүстік Корея — 0 алтын, 0 күміс, 10 қола
14. Қырғызстан — 0 алтын, 0 күміс, 2 қола
15. Индонезия — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
16. Катар — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
17. Бутан — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
18. Гонконг — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
19. Непал — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
20. Малайзия — 0 алтын, 0 күміс, 1 қола
Айта кетейік, бұл жастар арасындағы Азия чемпионаты (U19 және U22) алғаш рет World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтті. Жарысқа дейін IBA мен ASBC өткізген ұқсас біріншілік биыл көктемде Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен еді.