Депутат Магеррам Магеррамов: «Қайрат» – «Реал» матчын «Астана Аренада» өткізген тиімді

Paryz.kz
Депутат Магеррам Магеррамов Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал» кездесуін Астанада өткізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Bassport.kz Bestnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мен бұл матчқа барғым келеді, бірақ өкінішке қарай, 30 қыркүйек - сейсенбі, жұмыс күні, сондықтан бара алмайын деп тұрмын. Мен «Барселонаға» жанкүйермін, бірақ «Реалдың» ойынын өз көзіммен көру – бұл сирек болатын мүмкіндік», – деді Магеррамов. Бұған қоса депуптат осы барлық спорт сүйер қауым күтіп жүрген ойынды Астанада өткізу керек екенін айтты:
«Меніңше, матчты «Астана Аренада» өткізген әлдеқайда дұрыс болар еді. Қыркүйек айының соңында Алматыда ауа райының қандай болатынын болжау қиын. Астанада ойынды өткізу керек еді деп ойлаймын. Алматылықтарға бар құрметіммен айтарым, бұл жерде ойынды өткізу ыңғайлырақ болар еді».