Қазақстан мен Уэльс матчындағы төрешілердің кім екені анықталды

Футбол
Спортс
UEFA 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі бойынша болатын Қазақстан мен Уэльс арасындағы ойында қазылық ететін төрешілер тағайындады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл айтулы матчта испаниялық төрешілер қызмет етеді. Яғни оларды атап өтетін болсақ:
Бас төреші: Алехандро Эрнандес
Көмекшілері: Хосе Наранхо, Диего Санчес
Төртінші төреші: Хосе Луис Мунуэра
VAR төрешісі: Сесар Сото
VAR төрешісінің көмекшісі: Алехандро Муньис Руис
Еске салатын болсақ, бұл Қазақстан мен Уэльс арасында өтетін матч 4 қыркүйекте Астана қаласында өтетін болады.