“Қайрат- Реал Мадрид” матчына билет сатып алу бойынша Алматы полициясы ескерту жасады

Olx.kz
Алматы полициясы алда өтетін айтулы матчқа билет сатып алуда аса сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Құқық қорғау органдарының айтуынша, ірі спорттық және мәдени іс-шаралар алдында интернетте жалған билет ұсынатын алаяқтар көбейеді. Осыған байланысты Алматы полициясы әлеуметтік бейнеролик дайындап, ең жиі кездесетін алаяқтық әдістерді түсіндірді.
“Қала тұрғындары мен қонақтарына ескертеміз: алдағы матчқа қызығушылық артқан сайын алаяқтық әрекеттердің қаупі де жоғарылайды. Еш жағдайда билетті қолдан немесе тексерілмеген интернет-платформалардан сатып алмаңыз. Күмән туған жағдайда тек ресми кассаларға және лицензиясы бар дистрибьюторларға жүгініңіз. Бұл — өзіңізді және қаражатыңызды қорғаудың жалғыз жолы, — деді Алматы Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.