Қазақстан құрамасы Асхат Тағыбергеннің орнына жаңа ойыншы тапты

Футбол
KFF
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Уэльспен өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатында жартылай қорғаушы Дінмұхамед Қараманның құрамаға шақырылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
– Мұндай ойында құраманың ойынын әртараптандыратын диагональді пас керек. Асхат Тағыберген мансабын аяқтады. Ал Дінмұхамед Қараманның диагональді пас беру қабілеті жоғары. Сондықтан оны шақырдық. Ол мұндай матчтардың атмосферасын сезініп, өзін көрсетіп үлгеруі қажет, – деді Әлиев.
Қазақстан – Уэльс матчы 4 қыркүйек күні «Астана Аренада» өтеді. Бұл кездесу Қараман үшін ұлттық құрама сапындағы алғашқы ресми ойын болмақ. Егер сенімді өнер көрсетсе, ол алдағы матчтарға да тұрақты шақырту алуға мүмкіндік алады.