Чемпиондар лигасында «Қайрат» кімдерге сенім артты?

Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасына қатысатын ойыншылар құрамы белгілі болды.
Қақпашылар: Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмұрза, Ильдар Меңдіғалиев, Диас Реимов. Қорғаушылар: Луиш Мата, Дамир Қасабулат, Лев Кургин, Александр Мартынович, Офри Арад, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лука Гадрани, Данияр Ташпулатов, Егор Сорокин, Әкежан Каликулов.
Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Гиорги Зариа, Олжас Байбек, Дан Глазер, Еркін Тапалов, Юг Станоев, Валерий Громыко, Абылай Төлеухан, Дәулет Орынбасар, Азамат Тұяқбаев. Шабуылшылар: Жоржиньо, Дастан Сәтпаев, Эдмилсон, Рамазан Бағдат, Рикардиньо, Исмаил Бекболат.
Бас бапкер: Рафаэль Уразбахтин.
Айта кетейік, «Қайрат» іріктеу кезеңінде «Олимпия», КуПС, «Слован» және «Селтик» клубтарын жарыстан шығарып, тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған болатын. Алдағы кезеңде «сары-қаралар» Еуропаның үздік ұжымдарымен бақ сынайды. Қарсыластар қатарында – «Реал», «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген».
Алғашқы тарихи матч 18 қыркүйекте өтеді. Қазақстандық клуб сырт алаңда Португалияның «Спортингіне» қарсы ойнайды.