Ресми: Лука Гадрани “Қайраттан” кетті

Ресми: Лука Гадрани “Қайраттан” кетті
Футбол

Алматылық «Қайрат» грузиялық қорғаушы Лука Гадранидің мерзімінен бұрынғы трансфері жөнінде иерусалимдік «Бейтармен» келісімге келгенін ресми түрде хабарлады

28 жастағы ойыншы 2024 жылдың басында «Қайрат» сапына қосылып, қысқа уақыт ішінде команданың негізгі құрамынан орын алды. Ол сары-қара жейдеде 21 матч өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Гадрани өткен маусымда алматылықтарға чемпионаттың алтын медалін жеңіп алуға көмектескен маңызды ойыншылардың бірі. Клуб грузиялық қорғаушыға командаға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына табыс тіледі:


«Қайрат» ФК Лукаға команданың жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейді», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, жаңа маусым қарсаңында «Қайрат» сапында бірқатар құрамдық өзгерістер орын алуда. Ал Гадрани үшін Израиль чемпионаты жаңа тәжірибе болмақ.