Алматының Орталық стадионы УЕФА талаптарына сай

Алматының Орталық стадионы УЕФА талаптарына сай
Футбол

Алматыдағы Орталық стадион УЕФА стандарттарына толық сәйкес келеді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді

Министрдің айтуынша, футбол алаңы, жарықтандыру, командалар мен төрешілерге арналған аймақтар аттестаттаудан өткен. Халықаралық деңгейдегі ойындарды өткізуге қажетті барлық жағдай жасалған. Бұған дейін сынған орындықтар мен санитарлық-гигиеналық тораптардың ескіргені жиі сынға алынған болатын. Қазір бұл мәселелер бақылауға алынып, орындықтарды ауыстыру, абаттандыру және санитарлық тораптарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Алдағы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы үшін Орталық стадион толық дайын. Тазалық пен қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жанкүйерлер үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр.