Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты басталды

Хоккей
Бүгін, 6 қыркүйекте, елорданың «Тарлан» мұз айдынында пара хоккейден (В-пул) әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті
Шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, сондай-ақ Халықаралық пара хоккей федерациясының техникалық делегаттар басшысы Питер Андерссон қатысты.
– «Мемлекет тарапынан елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. 2024 жылдан бастап пара хоккейден ұлттық штаттық құрама құрылды. Соның нәтижесінде осы бағыттағы спортшылардың қатары жыл сайын артып келеді», – деді Серік Жарасбаев.
Чемпионат 6–11 қыркүйек аралығында өтеді. Жарысқа Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысуда. Турнир айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылып, қорытындысында алғашқы екі орын алған командалар А тобына жолдама алады.