«Реал» Алматыға қандай құраммен келеді? Есмағамбетов пікір білдірді

 «Реал» Алматыға қандай құраммен келеді? Есмағамбетов пікір білдірді
Футбол

Offside.kz

Ветеран футболшы және қазақстандық спорт функционері Болат Есмағамбетов Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы алдындағы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

– «„Реал“ толықтай негізгі құрамын әкелмейді деп ойлаймын. 27 қыркүйекте оларды „Атлетикомен“ дерби күтіп тұр, ал 5 қазанда „Вильярреалмен“ ойнайды. Сондықтан Алматыда ротация болуы мүмкін. Дегенмен бірнеше жұлдыз ойыншы міндетті түрде алаңға шығады, себебі Чемпиондар лигасында ұпай жоғалтуға болмайды», – деді ол.

Есмағамбетовтің айтуынша, мадридтіктердің қосалқы құрамдары да жоғары деңгейлі, сондықтан «Реал» бәрібір мықты ойыншылармен келеді. Матч 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.


Айта кетейік, «Реал Мадрид» – Чемпиондар лигасының 15 дүркін жеңімпазы.