Владимир Крикунов мансабын аяқтауы мүмкін

ХК «Сочи» бас бапкері Владимир Крикунов, кезінде «Барыс» пен Қазақстан құрамасын жаттықтырған тәжірибелі маман, алдағы маусым оның бапкерлік мансабындағы соңғысы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz legalbet.kz-ке сілтеме жасап
Крикунов жазда «Сочи» тізгінін ұстаған еді. Қазіргі кезде ол бапкерлік мансабын аяқтауы мүмкін екенін жеткізді.
– «Биыл бапкерлік жолымдағы қырқыншы жылым, бәлкім, соңғысы шығар. Хоккейде жүріп біраз тарихи сәттерге куә болдым. Дегенмен алаңдаушылық әлі де бар – ол қалыпты жағдай», – деді ол клубтың баспасөз қызметіне.
Айта кетейік, 74 жастағы маман өз мансабында «Ак Барс», «Нефтехимик», «Барыс», Мәскеу және Рига «Динамосы», «Автомобилист» клубтарын жаттықтырған.
Сондай-ақ Ресей, Беларусь және Қазақстан құрамаларымен жұмыс істеді.
Крикуновтың ең үлкен жетістігі – 2004/2005 жылғы маусымда Мәскеудің «Динамосын» Ресей чемпионы атандырғаны.
Егер бұл шешім қабылданса, Крикунов хоккей тарихында ізін қалдырған айтулы бапкерлердің бірі ретінде есте қалмақ.