Шавкат Рахмоновқа аштық жетіспейді

Жекпе-жек
sportburo.kz
Dar Team Pro командасының бұрынғы бас бапкері Азиз Разыев қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов жайлы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz «Наш Боец» YouTube-арнасына сілтеме жасап
— Шавкатты UFC чемпиондық белбеуін Қазақстанға әкелген алғашқы спортшы екенін мойындаймыз. Елдің барлығы оған сенеді. Бірақ қазіргі жағдайда отбасылық мәселелерінен бөлек, денсаулығына қатысты қиындықтары бар. Ал шын мәнінде, Рахмоновқа аздап «аштық» жетіспейді. Яғни ол қазір тоқтықта жүр, — деді Разыев.
Маманның пікірінше, мұндай жағдайдың тууына қазақстандықтардың спортшыларға деген ерекше ықыласы қатты әсер етеді:
— Бізде менталитет сондай: жұлдыздарымызды төбемізге көтереміз, сыйлық береміз, бар жағдайын жасаймыз. Бұл дұрыс та, өйткені олар елді әлемге танытып жүр. Бірақ соның салдарынан спортшылар бейқам өмір салтына кіріп кетеді, — деп қосты ол.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңген еді.