Исламиада-2025: таеквондошы Камила Аймұқашева қола жүлде иеленді

Исламиада-2025: таеквондошы Камила Аймұқашева қола жүлде иеленді
Басқа

Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық таеквондошы Камила Аймұқашева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде Аймұқашева Гамбия спортшысы Мария Марчлинскиді 2:1 есебімен жеңді.