Қуат Хамитов қазақ футболын тағы да сынға алды

Қуат Хамитов қазақ футболын тағы да сынға алды
Жекпе-жек

Ашық дереккөзінен

Қазақстан жастар құрамасының Андоррадан жеңілісі ММА шебері Қуат Хамитовтың назарынан тыс қалмады.

Белгілі спортшы бұл жолы да футболшылардың сәтсіз ойынына қатысты өз пікірін білдірді. 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Андорраға 0:1 есебімен есе жіберді. Кездесуге дейін біздің құрама үздік саналса да, нәтижесінде күтпеген жеңіліске ұшырады. 

Осыған байланысты Хамитов Instagram желісінде kzsports парақшасындағы жазба астына:

«Мен сіздерге 10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп айттым! Маған сенбедіңдер!» — деп пікір қалдырған.

Айта кетейік, бұл жеңілістен кейін Қазақстан жастар құрамасы өз тобының бесінші сатысына түсіп қалды. Андорра да 3 ұпай жинағанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша қазақстандықтардан кейін тұр.